897Қыркүйек айының 20 жұлдызында «Қала күні» аясында Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Қаламгерлер аллеясы» бойында «Kitap Fest» мерекесін өткізді.

Ауқымды фестивальдің мақсаты – оқырман мәдениетін дамытып, тарихи тағылымы мол, асыл мұрамызды сақтау. Жас ұрпаққа кітап оқыған адамның сана көкжиегін кеңейіп, логикалық ойлау қабілеті артып, есте сақтау қабілеті жақсаратындығын түсіндіру.

Бірнеше сағатқа созылған мәдениет кешінде қонақтар кітаптармен танысып, ұнаған кітаптарын сатып алды.

Бұл шараға Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі белсене қатысты. Түрлі әдеби жанрдағы кітаптар мен электрондық кітаптарды таныстырып, оқырман алғысына бөленді. Мерекелік шара соңында университет пен колледждің кітап көрмесі қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

898

899